×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандық олигарх қырғыз банкін сатып алған

19.09.2024, 23:00
Қазақстандық олигарх қырғыз банкін сатып алған

Қырғызстанның "Керемет банкін" енді қазақстандықтар басқарады. Банктің жаңа төрағасы болып Татьяна Куржей тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттық радиосына" сілтеме жасап. 

ҚЫРҒЫЗ БАНКІ ЖЕКЕ ҚОЛҒА ӨТТІ

Қырғызстанның "Керемет Банкі" жеке қолға өтті.  Енді оған қазақстандық банкирлер басшылық етеді. Банктің директорлар кеңесі жаңартылып, сондай-ақ басқарманың жаңа төрағасы тағайындалды.

ЖАҢА БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

Банктің жаңа төрағасы болып Қазақстаннан келген менеджер Татьяна Куржей тағайындалды.

Екі ай бұрын, 8 шілдеде Банктің Директорлар кеңесі толығымен ауысқан, оның төрағалығына Наталья Дружинина лайық деп танылған.

Жергілікті БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл жолы "Керемет Банк" 850 миллион сомға сатылған. Бұл сома осы банк үшін Қырғызстан Үкіметі төлеген сомадан төмен. 

БАНКТІ САТЫП АЛҒАН БАЙЛАР КІМ

Татьяна Куржей бұған дейін Қазақстандағы "Еуразиялық банк" төрағасының орынбасары болып жұмыс істегені белгілі. Ал Наталья Дружинина сол банктің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ашық көздерден алынған ақпаратқа сәйкес, "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ "Еуразиялық банктің"акционері болып табылады.

ТАЯҚТЫҢ БІР ҰШЫ МАШКЕВИЧКЕ ТІРЕЛЕДІ

Банктің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, "Еуразиялық қаржы компаниясы"  қазақстандық миллиардерлер Александр Машкевичке тиесілі.

Және бұл қатарда  Патох Шодиевке, Алижан Ибрагимовтың жесірі Мұқадасхан Ибрагимова бар. 

Банктің Директорлар кеңесінің тағы бір жаңа мүшесі Клара Ермакбаева Қазақстандағы "БанкЦентрКредит" банкінің басқарушы директоры болып жұмыс істеген.

БАНКТІҢ БАЙ ЖӘНЕ ЖАНЖАЛДЫ ТАРИХЫ 

"Керемет Банктің" тарихы Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевке тиесілі "Азияуниверсалбанктен" басталады.

Банк арқылы ірі көлемдегі заңсыз ақша өткізілген. Кейін оның бірнеше рет “Залкар Банк", "РосинБанк" болып атауы өзгерген.

"Керемет банк" болған кезде оған мемлекеттік бюджеттен 8 миллиардтан астам сом бөлінді. Кейінірек тергеу органдары бұл қаражатты ұрлау туралы қылмыстық іс қозғап, банктің бірқатар бұрынғы басшыларын тұтқындаған. Банк әдейі банкроттыққа ұшырады деген айып тағылған.