×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Хостелдегі өрт: 2 адам жауапқа тартылады

20.09.2024, 00:45
Әлеуметтік желіден

Алматы прокуратурасы өткен жылдың 2023 жылдың 30 қарашасында 13 адамның өмірін қиған жатақханадағы қайғылы өрттің тергеуі аяқталғанын мәлімдеді. Іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокуратураның деректері бойынша бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі тергеп-тексерілген. Бұл екі және одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан, оларды сақтауға жауапты адамның өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу.

“Екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айыптау актісі бар қылмыстық іс Алмалы ауданының сотына мәні бойынша қарау үшін жіберілді,” — деді Алматы  прокуратурасы.

Хостелдегі өрт

2023 жылы 30 қараша күні таңғы сағат 5:33 шамасында Әди Шаріпов көшесі, 86 мекенжайындағы Almaty Hostel жертөле үй-жайы өртке оранған.  Жану алаңы – 30 ш.м. 13 адам қаза тапты. Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нысан туралы ақпарат.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсету. Нысан 1,5 ай бұрын жатақханаға айналған. Жатақхананың ауданы 457 шаршы метрді құрайды.

Құжаттардың болмауы

"ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға сәйкес үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу қажет. Бұл ретте Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген.

Дүкеннен жатақханаға функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау қажет.

Жатақханаларды жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады.