Ресей снаряды Укриананың Сумы қаласындағы қарттар үйіне тиіп салдарынан 78 жастағы әйел қайтыс болды. Кем дегенде 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.
ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ТҮСКЕН
Ресейлік снаряд Сумыдағы пансионатқа (қарттар үйі) түскен. Бұл туралы Сумы облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Владимир Артюхк мәлімдеді.
БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛҒАН
Әзірге белгілісі бір адам қайтыс болған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, 78 жастағы әйел.
Тағы зардап шеккен 13 адам ауруханаға жіберілді. Осы қарттар үйінде тұратын қарт адамдар басқа мекемелерге қайта бөлінді.
Дереккөздердің мәліметінше Ресей әскерлері пансионатқа басқарылатын авиациялық бомбаны тастаған. Соққы кезінде мекемеде 221 науқас болған, оның 80-нен астамы төсек тартып жатқан науқастар, 60-ы қызмет көрсетуші персонал.