×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Энергетиктер энергия үнемдеу үшін уақытты артқа жылжытуды қолдады, бірақ Қазақстанда емес

20.09.2024, 10:28
Энергетиктер энергия үнемдеу үшін уақытты артқа жылжытуды қолдады, бірақ Қазақстанда емес
Көрнекі сурет

Бразилияның энергетика саласындағы басшылар энергия үнемдеу үшін жазғы уақытқа ауысу мәселесін қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Енді жазғы уақытқа ауысу күшіне енуі үшін оны президент Луис Инасиу Лула да Силва қолдауға тиіс.

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ

Reuters мәліметінше, Елдегі құрғақшылық Амазонка өзіненін ток өндіретін ірі гидроэлектростансалардың жұмысына елеулі әсер етіп, ел үлкен көлемде энергия импортауға мәжбүр болған.

Reuters мәліметінше, Латын Америкасында күн және жел энергиясын өндіру қарқынды өскенімен, электр қуатының жартысынан көбі өзен мен көл суларынан өндіріледі. Құрғақшылық салдарынан сол өзен, көлдердегі су мөлшері азайып, энергия өндіру көлемі қысқарған.

Қараша мен ақпан аралығында уақытты бір сағат алға жылжыту күннің жарық мезгілін көбірек пайдалануға мүмкіндік беріп, электрэнергияны қолдану жүктемесін азайта түспек.

Жазғы уақытқа ауысуды елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонару энергетика саласына пайдасы жоқ деп 2019 жылы тоқтатып тастаған.

МЕЙРАМХАНАЛАР ДА ҚОЛДАДЫ

Мұндай бастаманы елдегі барлар мен мейрамханалар да қолдаған. Олардың есебінше, күндізгі артық бір сағат 18:00-20:00 аралығында клиенттердің көбірек келуіне көмектесіп, айлық табысты кемі 10% арттырады.

АЛАЙДА

Әуе компаниялары уақытты бір сағатқа алға жылжыту рейс кестесін қиындатып, экипажды қайта базалауға қосымша шығын әкелетінін айтып отыр.

ҚАЗАҚСТАНДА

Уақытты бір сағатқа артқа жылжыту Қазақстанда да қызу талқыланып жатыр. Уақыт 2024 жылғы 1 наурызда 1 сағатқа алға ауыстырылғалы елдің шығысындағы тұрғындар бірқатар келеңсіздіктерге тап болған. Ол жақта таң ерте атып, кеш ерте түседі. Соның салдарынан ауылдағы ағайын таңғы 3 жарымда сиыр сауып, малды өріске ерте шығаратын болған. Қараңғы ерте түсетіндіктен электрэнергия үшін көбірек төлеп, қараңғыда сабақтан қайтатын оқушыларға алаңдайтынын да жеткізген. Қазақстандықтар осы мәселеге байланысты онлайн петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың жиналған. Алайда үкімет азаматтардың талап-тілегін ескерусіз қалдырып, уақыт жылжымайтынын мәлім етті. Десе де жуырда мәжілісте бір топ депутат мәселеге қайта оралып, алдағы уақытта парламентте осыны арнайы көтеретінін мәлімдеген.