×
478.93
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.93
534.96
5.16

Педагогтердің білімін бағалауға арналған кезекті тестілеу басталады

Бүгін, 10:58
Көрнекі сурет

Елде педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлады

Өтініштерді қабыдау ертең – 21 қыркүйекке дейін aap.testcenter.kz сайтында жалғасады.

Ал бағалау тесттері 23 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді.

Оның ішінде:

біліктілікті арттыру мен растау үшін (жұмыс істеп жүрген педагогтер) 23-28 қыркүйек аралығында;

педагогикалық жұмыс өтілі жоқ қызметкерлерге (түлектерге), педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар үшін тестілеу 30 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді.

Білім беру ұйымының педагогтері ПББ-ға 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы.