×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Түрікменстаннан ірі көлемдегі контрабандалық темекі партиясын әкелгендер ұсталды

20.09.2024, 11:55
Түрікменстаннан ірі көлемдегі контрабандалық темекі партиясын әкелгендер ұсталды
Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын ұстаған. Бұл агенттік қызметкерлерінен бөлек, көлік прокуратурасы, ҰҚК Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен жүзеге асқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұсталған автокөліктің жүкқоймасында жолқұжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі кораптары болған.

6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде” делінген ҚМА хабарламасында.

Қаржылық мониторинг агенттігі  азаматтарға өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылық фактілері жайлы білген жағдайда "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауды сұрады. Агенттік анонимділікке кепілдік берілетінін айтады.