Әлеуметтік желіде Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясының аумағынан адам сүйегі табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған.
Алматы полиция департаменті табылған сүйекке қатысты түсініктеме берді.
Медеу аудандық полиция бөлімі ескі жерлеудің табылуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Алматы полициясы.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.