Алматыда 18 жастағы жігіт Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп, суицид жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.
Желіде тараған мәлімет бойынша, 18 жастағы жігіт Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп, суицид жасаған.
Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бірер күн бұрын Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан секіріп өзіне қол салған. Оның алдында екі оқушы қыз 8 қабаттан секіріп мерт болған еді. Жасөспірімдердің суицидін өзіне қол салуға итермелейтін қауіпті ойындармен байланыстырып жатқандар бар. Алайда бұл нұсқа ресми расталмады. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.