×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Баланы шатырдан секіруге үгіттейді»: ұялы телефонда қауіпті ойын қосымшасы барын білесіз бе

23.09.2024, 16:32
«Баланы шатырдан секіруге үгіттейді»: ұялы телефонда қауіпті ойын қосымшасы барын білесіз бе
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда балалардың ұялы телефон арқылы ойнайтын Schoolboy Runaway ойыны жұрттың үрейін туғызды. Желіге тараған ақпаратта ол баланың психикасын бұзып, өз-өзіне қол салуға үгіттейтін көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЛАНЫ ҚОРҒАҢЫЗДАР 

Таяуда мектеп әкімшіліктері қандай ойындардың балалар үшін қауіпті екенін айтып, ата-аналарға одан сақтанудың жолын көрсеткен еді. Олардың хабарлауынша, мазмұны ата-анаға көріне бермейтін, мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкін. Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен «Бізбен ойна!» деген шақыртулар келуі ықтимал. Мұндай үндеулерді Ozon-да сатылатын 18+ кітаптардан да табуға болады. Бұлардың ең қауіптісі: “ "Тихий дом", "Разбуди меня в 4:20", "Море китов", "Синий кит", "Красный дельфин ", "Млечный путь", "U19", "F57". " SchoolBoy RunaWay – Stealth ойыны да осы тізімде бар.

«ЖАҒАМДЫ ҰСТАДЫМ»

Белгілі экономист Рахым Ошақбаев өз баласы да осы ойынды білетінін айтып дабыл қақты. Оның сөзінше, ойынды ойнайтын бала ата-анасынан жасырынып, қаша беруі керек. Ойынның ең соңғы турында шатырға шығып кетіп, құлауы тиіс. 

– Балалардан сұрап көрдім де жағамды ұстадым. Олар біледі екен! - дейді ол.

Ошақбаев ата-аналардың бәрін сақтыққа шақырды. Өзі қызының құрбыларының ата-анасына қоңырау шалып, ескертетінін мәлімдеді.

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

Кәсіпкер әрі белгілі PR-сарапшы Нұркен Халықберген Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасында суицидтің жиілеп кеткен жағдайларына TikTok қосымшасы балалардың психоэмоционалды жағдайының нашарлауына әсер ететінін айтады.

– Дүние жүзіндегі психологтар жасөспірімдердің визуалды мазмұн арқылы манипуляцияға ең осал екені туралы бірнеше рет айтқан. Ақпаратты жылдам тұтыну сыни қабылдауды қиындатады, ал жарқын эмоциялар мен бейнелер ақылға қонымды дәлелдермен қабаттасады.

Халықаралық зерттеулер TikTok сияқты платформаларды шамадан тыс пайдалану жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайының нашарлауына әкелетінін, мазасыздықты, депрессияны тудыратынын және тіпті суицидтік ойлардың қалыптасуына ықпал ететінін растайды", – дейді ол.

Аталған қосымшаны 10 миллионнан артық адам ұялы телефонына жүктеген.