×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жеке кәсіпкерлерге несие беру тәртібі өзгереді

23.09.2024, 17:56
Жеке кәсіпкерлерге несие беру тәртібі өзгереді
Ашық дереккөз

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ

- банктер, оның ішінде интернет-ресурста төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша тарифтер туралы өзекті ақпаратты жариялау жөніндегі талаптарды бекітеді;

- кәсіпкерлік мақсаттарға байланысты емес банктік қарыз немесе микрокредит беру кезінде жеке тұлғаның жұбайының (зайыбының) келісімін алуға қатысты ерекшелік енгізіледі;

- электрондық тәсілмен кредиттеу кезінде жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбаларды қолдану қажеттілігі бойынша талаптар алынып тасталады.

Бұдан өзге, алынатын кредит мөлшері 2700 АЕК-тен асатын ЖК ретінде тіркелген қарыз алушыны сапалы бағалау мақсатында қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін талдауға қойылатын талаптарды белгілеу ұсынылады - делінген ақпаратта. 

ТАЛАП

Атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит берілгенге дейін банк немесе МҚҰ бекітілген кредиттік саясат шеңберінде қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдау рәсімін жүргізетіні нақтыланды.

Банк немесе МҚҰ, егер қарыз алушы жеке кәсіпкер ретінде қызметті алты айдан аз мерзімге жүзеге асырса немесе кәсіпкерлік қызметтен айналымдар (тұрақты және жеткілікті кірістер) болмаған жағдайда, мынадай факторларды ескере отырып, қарыз бергенге дейін қарыз алушының кредит қабілеттілігіне 2700 АЕК-тен (2024 жылы 9 968 400 теңге) асатын мөлшерде талдау жүргізеді:

ТАЛДАУ

- қарызды өтеу үшін өзге де кіріс көздерінің немесе кепілгерлердің болуын;

- несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлар алдында берешегінің болуын;

- борыш жүктемесін;

- қарыздар бойынша төлем тәртібін (кредиттік тарих);

- банктің скорингтік жүйелеріндегі қарыз алушының рейтингін (бар болса);

- өзге де берешектің болуын;

- банктік шоттар бойынша қалдықтар мен операцияларды;

- ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпаратты;

- қарыз беруге жұбайының (зайыбының) келісімінің болуын ескере отырып, қарыз алушының кредит қабілеттілігіне талдауды жүзеге асырады.