Қазақстандық әншілер Әлішер Кәрімов пен Amre атымен танымал Ернар Садырбаев ресейлік «Голос» шоуының оныншы маусымында жеке-жек кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Әлішер Кәрімов Александр Градскийдің командасында Полина Клинниковамен бірге The Prayer композициясын орындады. Команда ұстазы Александр Градский Әлішер келесі кезеңге өтеді деп шешті.
Көрмей тыңдау кезеңінде Әлішер Кәрімов Шарль Азнавура мен Жорж Гарваренцтің «Мәңгілік махаббат» әнін орындаған болатын.
Дима Биланның командасынан Ернар Садырбаев сахнаға Рустам Бахтияровпен дуэт болып шықты. Олар «Мне с детства снилась высота» әнін шырқады. Дима Билан кейінгі кезеңге Ернар Сәдірбаевті өткізді.
Ернар Садырбаев «Ресей дауысы» шоуының көрмей тыңдау кезеңінде барлық тәлімгерді өзіне қаратты.