Бұл туралы инстаграмм әлеуметтік желісінде тұсауы кесілген баланың ата-анасы Абылайхан және Диана Қамаладиндер жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Абылайхан мен Диана Қамаладиннің Мәлік есімді ұлдары бір жасқа толған. Жұлдызды жұп туған күн кешін дүркіретіп тойлаған. Кешке келген танымал қонақтардың арасында блогер Бейбіт Әлібеков, актриса Әсел Сәдуақасова және тағы да басқа беделді азаматтар бар.
“Мен кешігіп келдім. Мына жерде ет болыпты. 90 адамға дайындаған еттің өзі 2 миллион теңгеге шыққан”,- дейді Әлібеков инстаграмм парақшасында.
Ал баланың тұсауын белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев кескен.
ҚАМАЛАДИНДЕР ТУРАЛЫ
Абылай Қамаладин – кәсіпкер, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі танымал, аудиториясы үлкен блогер мен вайнерлерді жинақтаған продюсер.
Диана Қамаладин – Абылайханның әйелі өзінен асып түспесе кем түспейді. Желідегі оқырманы саны 400 мың. Бұл Абылаханнан екі есеге артық. Qamalladin University және Qamalladin Foundation қайырылымдық қорының негізін қалаушы.
КЕҢЕС РАҚЫШЕВ
Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізмінде 19 орында. Байлығының таза құны – 4 435 млн.
Рақышев Fintrust Group компаниясына жеке-дара иелік етеді, ол арқылы minecraft Resources АҚ мен БТА Банкінің 78,85% бақылайды. Қазақстаннан басқа АҚШ, Украина, Ұлыбритания, Ресей, Кипр және Сейшел аралдарында қызмет атқарады.
Fincraft Resources АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, жеке мектептің құрылтайшысы.