×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бүгін – жазушы, аудармашы Хасен Өзденбаевтың туғанына 120 жыл

Бүгін – жазушы, аудармашы Хасен Өзденбаевтың туғанына 120 жыл
Фото: ашық дереккөз

Бүгін - (1904-1992) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзденбаевтың дүниеге келген күні, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАЗУШЫ ЖАЙЛЫ

Ол Қостанай облысында туған. Орынборда мұғалімдер даярлау курсын (Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтардың дәрісіне қатысқан), Мәскеуде облыстық газет редакторларын даярлау курсын, Қостанай мұғалімдер институтын бітірген.

1920-1928 жылдары кеңес заң органдарында қызмет істеді, 1928-1973 жылдары баспалардың редакторы болды. Әдеби қызметін 1929-1930 жылдары бастады. 1937 жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан өңірінде шығып тұрған газетке редактор, бір жылдан соң партиялық баспаның бас редакторы болды. Ал содан жарты жыл өткенде халық жауы ретінде партия қатарынан шығарып, контрреволюциялық қызметі үшін қамауға алады. Басқа да түрлі айыптаулар тағылып, 1938 жылы сотталып, 1941 жылға дейін түрмеде отырып шықты. Ол сотталып шыққаннан кейін ұзақ жылдар бойы ҚазТАГ ақпарат агенттігінде (қазіргі «ҚазАқпарат» ХАА) қызмет етті.

ЕҢБЕКТЕРІ

Қостанай округтік «Ауыл» газетінде фельетондары, очерктері жарияланды. М. Алексеевтің «Большевиктер», М. Шолоховтың «Көтерілген тың», «Тынық Дон», И. Гончаровтың «Обломов», О. Бальзактың «Шегірен былғары» романдарын, П. Мерименің, И. Вазовтың әңгімелерін қазақшаға аударды. Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын Н. Кузьминмен бірге қазақ тілінінен орысшаға аударды, А. Мұхтардың «Апалы-сіңлілер» романын өзбекшеден, Ә. Еникидің «Айтылмай қалған өсиет» повесін татаршадан тікелей қазақшалады. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.