×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Еуро, доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Еуро, доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Коллаж Ulysmedia

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 - 482 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің 24 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 480,50 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге. Еуро – 534,22.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481,3 теңге. Еуро 533-537 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,11-5,24 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 қыркүйекте сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,36 теңгеге қайта қымбаттап, 481 теңге болған.