Жыл басынан бері Қазақстанның 0,9 млн тонна мұнайы экспортталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МҰНАЙДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ РЕСЕЙ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАНАДЫ
Қазақстан мұнайының экспорттық көлемінің едәуір бөлігі Ресей арқылы транзитпен тасымалданады (КҚК, Атырау-Самара және Махачкала-Новороссийск құбырлары). Бұл тасымалдау бағыттары қазақстандық мұнай өндіруші компаниялар үшін жоғары кіріс қамтамасыз етеді.
ӘЗЕРБАЙЖАНМЕН КЕЛІСІМ
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылдан бастап Қазақстан мұнай тасымалын қосымша маршруттар арқылы тасымалдап жатыр. Осы маршруттарды дамыту шеңберінде ҚМГ мен Сокар арасында Әзербайжан арқылы мұнай транзиті бойынша қол қойылған келісіммен қазақстандық мұнайды жылына 1,5 млн тонна көлемінде тасымалдау жөніндегі уағдаластық бар. Оның қорытындысы бойынша мұнай айдау көлемі шамамен 1 млн тоннаны құрады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Әзербайжан тарапы қазақстандық мұнайды қабылдау көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға дайын екенін білдірді.
Нақты деректер бойынша 2024 жылдың 8 айында осы бағыт бойынша 0,9 млн тонна тасымалданған. Сондай-ақ, неміс тарапымен швед зауытына жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Жеткізу көлемі жылына 1,2 млн тонна. Нақты деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1028 мың тоннаны құрады.
ЭКСПОРТ
Қазақ мұнайын Ресей аумағы арқылы тасымалдайтын КТК құбырындағы күтпеген апаттардан кейін үкімет мұнай экспортының балама жолдарын іздей бастаған. Әзірге Әзербайжан маршрутына экспорттың аз ғана үлесі тиесілі. Қазақстан биыл 90 млн тонна мұнай өндіріп, оның 73-75 млн тоннасын экспорттауды жоспарлап отыр. Экспорттың дені әлі де КТК құбыры арқылы жүзеге асады.