Әлеуметтік желіде Атырауда 15 жастағы жасөспірім қыздың зорлыққа ұшырағанын айтып жазған хаты талап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОРГАНДАРДА ТУЫСТАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Мені 20 жастағы жігіт зорлады, арыз жазылған, бірақ олардың әулетіндегі үлкен кісілер, отбасы біздің артымыздан жүгіріп, келін қылып аламыз, арыздарыңды қайтып алыңдар деп келген.
Менің анам қазақылыққа салынып, екі жақ келісіп, мені 15 мамыр күні сол жігітке ұзатты, аяғым ауыр болғандықтан дәрігерге тіркелуге барғанда 18 жас жоқ деп полиция шақырылып, жігіттің үстінен іс қозғаймыз деген, сол кезде енем тергеушілер артынан жүгіріп, ақша беріп, органдарда туыстары жұмыс істейтін, соған өтірік УЗИ қағазын жасатып, баласын жазадан алып қалды, – дейді жәбірленуші.
ҰРЫП, БОҚТАП, ҮЙГЕ ӘКЕЛІП ТАСТАДЫ
Оның айтуынша, зорлық қылған жігіттің туыстары келін етіп аламыз деп, артынша үйлерінен қуып жіберген.
Енді мені үйінде ұрып, боқтап, алмаймыз деп үйіме әкеліп тастады, менің аяғым ауыр, төрт ай. Анам осы жайтты естіп, ауруханаға түсті.
Атырау Полиция департаменті арызды қайта қараса екен дейді, – дейді ол.
Бұған дейін Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалғанын жазған болатынбыз.