×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Онлайн трансляциялануын талап етемін». Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамын сотқа беретінін айтты

«Онлайн трансляциялануын талап етемін». Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамын сотқа беретінін айтты
Фото: ашық дереккөз

Актриса әрі тележүргізуші, танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда жақын адамын сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҮЙІМНЕН ТАЛАЙ АС ІШТІ»

Актрисаның айтуынша, ол іші-бауырына кіріп, мұңын тыңдап, сырын біліп алған екен.

Ол кездер мен үшін сынақты күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай, басымды тауға да, тасқа да соғып жүргем. Сөйтіп сенделіп жүргенде күндей жарқ етіп, алдымнан бір кісі шықты. Бәлкім, менің құтқарушым осы болар деген ой жылт етті. Содан ол адам іші-бауырыма кіріп, мұңымды тыңдап, сырымды біліп, үйімнен талай ас ішті. Сөйтсем, оның өз жоспары болған екен. Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында, – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Күзетшілері мылтық кезенді»: Белгілі әншілер олигархтың тойында ән айтқандарын еске алды

«МЕНДЕГІ БАР ҚҰНДЫ ДҮНИЕНІ САНАП ЖҮРГЕН ЕКЕН»

Әбден сенімі кіріп алған әлгі адам актрисаға бірнеше құжатқа қол қойдырып алыпты. 

Қит етсе халімді сұрап, менің басымдағы проблемамды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Мен болсам ештеңеден хабарым болмай, Жаратқанға алғыс айтумен болдым. Қысқасы, қасымда жарты жыл жүріп, мендегі бар құнды дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың ашық түрде, ел алдында онлайн трансляциялануын талап етемін. Сотта оқиға бүге-шүгесіне дейін айтылады. Әділ өтеріне сенемін. Ол адаммен 2 жыл бойы телефонмен сөйлескен әңгіменің барлығы заңды түрде делоға тігілді, - деп жазды актриса. 

ЖҰЛДЫЗ ӘБДІКӘРІМОВА

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әйелі. 4 баланың анасы. Қазақстандық актриса және "Әлем ханымы-2020" атағының иегері. 1988 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаған. 2017 жылы «Арман. Когда ангелы спят» фильміне түскен. 

Еске салсақ, бұған дейін ұшақта шу шығарғаны үшін 15 тәулікке қамалған әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан болатын. Сондай-ақ ол жақында сырқаттанып қалған еді.