×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Ұлттық банк JETI QAZYNA монеталарын сатылымға шығарды

29.11.2021, 08:55
Фото: Ұлттық банк

2021 жылғы 30 қарашадан бастап «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатыла бастайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

«Ежелгі аңыз бойынша, нағыз қазақ көшпендісінің басты жеті қазынасы болған: ер жігіт, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркіт. Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтық – ұрыста сәтсіздікке ұшыратпайды, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – дана шешім қабылдауға көмектеседі деп есептелген», - делінген хабарламада.