×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сот қарайтын 4 іс учаскелік полицейлердің өкілеттігіне берілді

29.11.2021, 10:52
Сот қарайтын 4 іс учаскелік полицейлердің өкілеттігіне берілді
Фото: Ашық дереккөзден

Учаскелік полиция қызметкерлерінің әкімшілік жаза тағайындау өкілеттігі кеңейтілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Байкеновтың айтуынша, әкімшілік жазаларды салу бойынша өкілеттілігі учаскелік полиция қызметкерлерінің құзыреті кеңейтілген. Оларға әкімшілік құқық бұзушылықтың 47 құрамынан басқа дербес тағы 4 құрам бойынша істі қарастыру құқықтары беріген.

«Атап айтсақ: кәмелетке толмағандардың түнде көңіл көтеру орындарында болуы, темекі өнімдерін пайдалануға тыйым салуды бұзуы, әкімшілік қадағалауды бұзуы, көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі жасауы», - дейді ол.

Бұл құзіреттер учаскелік полицияға өзінің учаскесінде барынша болуына, осындай материалдарды қол қою үшін басшылыққа  бармастан еш кедергісіз жұмыс атқаруына өте ыңғайлы болып отыр.