×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нүкеновтар отбасы Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге өндіріп алмақ болған

27.09.2024, 13:06
Нүкеновтар отбасы Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге өндіріп алмақ болған
Ulysmedia коллажы

Айтбек Амангелді бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтан 9 млрд теңгеге жуық мүліктік зиян мен 1,5 млрд теңге моральдық залалды өндіріп алғысы келген. Сот арызы толық қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОЛАР ҚАНША ӨНДІРІП АЛҒЫСЫ КЕЛДІ 

Сот кабинетінің құжатында жақын адамынан айырылуына байланысты – Айтбек Амангелді және оның ата-анасы қатты моральдық азап шегіп, қайғылы жағдайдан денсаулығының нашарлауына, жұмыс қабілетінің жоғалуына әкеп соқтырғаны айтылған.

– Нүкенованың ата-анасы үнемі депрессияға ұшырайды, ең ауыр моральдық азапты бастан кешірді: үмітсіздік, ұйқысыздық, ашу, ауырсыну әрі ең үлкен эмоционалды оқиға. Денсаулық жағдайына байланысты үнемі емделіп отырады, – делінген сотта.

Мәселен, Нүкеновтар отбасы талап бойынша қылмыстық істі қарау шеңберінде заң қызметтеріне ақы төлеуге, адвокаттардың тұруына және ұшуына байланысты шығындарды өзі төлеген. 

– Осыған байланысты талапкер мүліктік зиянды 8 828 070 теңге көлемінде өндіріп алуды, моральдық зиянды 1 500 000 000 теңге көлемінде өтеуді сұрайды, делінген құжатта

БИШІМБАЕВ ТАРАПЫ НЕ ДЕДІ 

Бишімбаевтан шығын сомасын 1 500 000 теңге, ал моральдық өтемақыны 5 000 000 теңгеден 20 000 000 теңге аралығында белгілеуді сұраған.

– Мүліктік шығыстар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шығындары болып табылмайды. Бес өкілді тарта отырып, талапкер өз құқығын теріс пайдаланды, өйткені жауапкер өлімге жеткізгенін мойындады, тек баппен саралауға қарсы шықты. Адвокат Г. М. Бекітаев айтқан шығындарды өтеу үшін негіздер жоқ, өйткені соңғысы тергеу сатысында қатыспаған, ал шарт сотқа дейінгі тергеу сатысында мүдделерді білдіру үшін жасалған. Жәбірленушінің өзге де шығыстары сотқа дейінгі тергеу органдарының немесе соттың қаражатынан өтелуге тиіс, – дейді Бишімбаев тарапының өкілі.

Алайда Бишімбаев қылмыстық іс бойынша 6 877 672 теңге көлемінде шығын және 10 млн теңге сомасында моральдық зиянды өтеуге міндеттелді.

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Экс-министр 24 жылға сотталған. 

Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.