×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Қазақстанда желтоқсанның басында күн жылынады

29.11.2021, 11:55
Қазақстанда желтоқсанның басында күн жылынады
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында күн жылы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Аязды тудырған суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығатын болады. Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы Батыс циклоны келеді, онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), төмен бұрқасын, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 жылу, оңтүстікте 10-15 жылу, Түркістан облысында 20 жылуға дейін», - деп хабарлайды Қазгидрометтен.

Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады. Онымен температураның аздап төмендеуі күтіледі: түнде 5 аяз...5 жылуға дейін, күндіз 3 аяз...5 жылуға дейін. Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.