×
478.54
533.76
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.54
533.76
5.17

Белгісіз біреулер Тоқаевтың кортежінің жолына қару-жарақ қойып кеткен

Бүгін, 21:15
Белгісіз біреулер Тоқаевтың кортежінің жолына қару-жарақ қойып кеткен
Әлеуметтік желіден

Түркістан облысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежінің жолына белгісіз біреулер қару-жарақ қойып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМ ТАСТАҒАНЫ БЕЛГІСІЗ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ мәліметтері бойынша, қару-жарақ маршрутты тексеру барысында ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің күшімен анықталған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және қатысы бар адамдарды ұстау үшін жедел — іздестіру және тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін әлі жарияланған жоқ.