×
478.54
533.76
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.54
533.76
5.17

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтар Ыстанбұлдағы клиникаға жеткізілді

Бүгін, 22:35
Әскерде жараланған Ербаян Мұхтар Ыстанбұлдағы клиникаға жеткізілді
Инга Иманбайдың парақшасынан

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтар Түркияға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Ербаян Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына орналасты. Ата-анасы қасында. Ұзақ жолды жақсы көтерді. Денсаулығы жақсы. Таңнан тілеуін тілеп отырған көпшілікке алғыс айтамыз, – деп жазды отбасының адвокаты Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қорғаным министрлігі сарбазды жеткізу үшін арнайы борт шығарған.

САРБАЗ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Ербаян  Мұхтарұлы 22 жаста. Отбасында 4 баланың үлкені. Әскерге өзі сұранып барған. Бірнеше айдан кейін комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Әскерге кетпес бұрын жас жігіттің дені сау болған, спортпен шұғылданған.

ЕРБАЯННЫҢ ЕМІНЕ ХАЛЫҚ ҚАРАЖАТ ЖИНАП ЖАТЫР

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.