Сотталған адамның камераға қасақана зиян келтіргені хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz
КІНӘСІ ДӘЛЕЛДЕНДІ
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымына сай қылмыстық кодекстің 428-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерін қасақана жою немесе бүлдіру) сотталғанның кінәлі дәлелденген.
ЖАЗА
Сотталған адам ауыр қылмыс жасағаны үшін Орал қаласындағы №28 (қауіпсіздігі барынша жоғары) мекемесінде жазасын өтеу кезінде теріс мінез-құлық танытқан. Ол белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында 2 дана үздіксіз бейнебақылау камерасына қасақана зақым келтірген.
Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығынан айырған. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылған.