×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Енді Қазақстанда қосылған құн салығы 15 күнде қайтарылады

Енді Қазақстанда қосылған құн салығы 15 күнде қайтарылады
Фото: Dknews.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрлық Қосылған құн салығы пилоттық жобасының 2024 жылы 7 қазанда басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қосылған құн салығын қайтару мерзімі тексеруді қажет етпей, әдеттегі 55-75 күннің орнына 1-ден 15 жұмыс күніне дейін болады.

Есеп айырысу үшін цифрлық теңге – ұлттық валютаның жаңа нысаны қолданылады. Қатысушы компаниялар жеткізушілер мен Қосылған құн салығын цифрлық теңге арқылы төлей алады. Бұл операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуге және салықтық алаяқтық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі. Жоба Цифрлық даму министрлігі және Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. 

Пилоттық жоба ерікті негізде жұмыс істейді және 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Жобаға Қазақстанның барлық экспорттаушылары қатыса алады, – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.