×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарулы күштерде соңғы төрт жылда 40 әскери қызметкер өзіне қол салған

01.10.2024, 10:36
Қарулы күштерде соңғы төрт жылда 40 әскери қызметкер өзіне қол салған
ашық дереккөзден

Бұл мәліметті Қорғаныс министрінің орынбасары – генерал-майор Бақытбек Сыдықов депутаттардың сауалына берген жауабында атап көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМЕТІ

Бақытбек Сыдықов келтірген мәліметке сәйкес, үш жылда Қарулы күштерде жарғыдан тыс қатынастардан болатын қылмыс саны 43%-ға (40-тан 23-ке), ал биыл мерзімді әскери қызметшілер арасындағы суицид 67%-ға  (3-тен 1-ге) төмендеген.

– Сіздер келтірілген 270 қайтарымсыз шығынның Қарулы күштерде 140 оқиғасы орын алған. Оларға сырқаттану, жол-көлік оқиғалары, суицид, қауіпсіздік шараларын бұзу және тұрмыстық жағдайлар себеп болған. Қалған 130 оқиға басқа күштік құрылымдарда тіркелген. Олардың қатарында Қорғаныс министрлігінен басқа Төтенше жағдайлар министрлігі, Шекара қызметі,  Ұлттық ұлан және Мемлекеттік күзет қызметі бар, – дейді жауабында ол.

Сыдықов сонымен қатар, 86 суицид фактісі барлық күштік құрылымға тиесілі екенін атап өтеді. Нақтырақ айтқанда, соңғы төрт жылда Қарулы күштерде 40 суицид оқиғасы тіркелген:

  • 2021 жылы – 10;
  • 2022 жылы – 7;
  • 2023 жылы – 12;
  • 2024 жылы – 11 оқиға.

Олардың жетеуі офицер, 22-і келісімшарт бойынша әскери қызметші, төртеуі курсант(кадеттер), жетеуі мерзімді әскери қызметші. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖАЙЛЫ

Жоғарыда көрсетілген 40 оқиғаның барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалғаны хабарланады. 

– 34 оқиға бойынша қылмыстық істер өндірісімен аяқталып, процестік шешімдер қабылданған. Тергеу барысында өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері анықталмаған. Осыған байланысты, қылмыстық істер қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауы себебінен тоқтатылған. Қабылданған процестік шешімдердің заңдылығы қадағалаушы органмен (прокуратура) тексерілген және келісілген. Сонымен қатар, қазіргі кезде 6 оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жалғасуда. Нақты себептер мен мән-жайлар тергеу қорытындысы бойынша анықталатын болады. Қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес қылмыстық құқықбұзушылықтың осы түрі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ІІМ әскери-тергеу органдарымен жүргізіледі, тергеу барысы Бас әскери прокуратурамен қадағаланады. Қорғаныс министрлігінің тергеу барысына араласуға немесе ықпал етуге өкілеттігі жоқ, – дейді Сыдықов жауапта.

Генерал-майор Ербаян Мұхтар Ішкі істер министрлігіне бағынысты Ұлттық ұланда, яғни басқа мемлекеттік ведомствода қызмет атқарғанын хабарлайды.

– Біз өзімізге жүктелген міндеттерді орындаудан және олардан туындайтын жаупкершіліктен қашпаймыз. Сіздермен көрсетілген барлық оқиғалар бойынша, олардың себептері мен мәнжайлары анықтала отырып, егжей-тегжейлі қызметтік тексерулер жүргізілген, кінәлі адамдарға қатысты қатаң шаралар қолданылып, жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізілген. Өз тарапымыздан, бір де бір құқыққа қайшы әрекеттер тексеріссіз және алдын алу шараларын қабылдаусыз қалмайтындығына сіздерді сендіргіміз келеді, – дейді Сыдықов.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Жуырда «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ұзамай 10810 әскери бөліміне жақында ғана барған әскери қызметкер көз жұмған.