×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Вежливые люди": Қостанайлық белсенді суретті бөліскені үшін қамалды

02.10.2024, 00:05
"Вежливые люди": Қостанайлық белсенді суретті бөліскені үшін қамалды
Видеодан скриншот

Қостанайлық белсенді Сергей Зинченко әлеуметтік желідегі парақшасында көліктің суретін бөліскені үшін 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СУРЕТ ҮШІН ҚАМАЛДЫ

Қостанайлық белсенді Сергей Зинченко ойламаған жерден 20 тәулікке қамалды. Бүгін сот оған қатысты осындай үкім шығарды. Бәрі де әлеуметтік желіде суретті бөліскені үшін.

КІМ ШАҒЫМДАНҒАН?

Белсендінің үстінен жергілікті тұрғын әйел арыз жазған. Себебі ретінде “маған жала жапты, ар-намысыма нұқсан келтірді” деп көрсеткен.

ШЫНДЫҒЫНДА НЕ БОЛДЫ?

Сергей Зинченко алматылық блогер жариялаған суретті өз парақшасында бөліскен. Суретте қазақстандық нөмір таққан көлік бейнеленген. Ал оның астында “Вежливые люди” деген жазу және қапталында Калашников автоматы салынған. Сергей бөлісер сәтте автокөліктің иесі кім екенін білмеген. Ал оның үстінен арыз жазған әйел сол көліктің иесі болып шыққан. 

“Ол “Сыпайы адамдар” деген жазуы бар және Калашников автоматы белгіленген көлікті 5 жыл бойы Қазақстанда айдап жүріп соның мағынасын білмеді ме?”, –  дейді Сергей Зинченко.

Сергейдің адвокаты да бұл шешіммен келіспейді. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмек. 

“Бұл жала жабуға жатпайды. Жала деген ол біреуді қаралау мақсатындағы ойдан құрастырылған айып. Ал Сергейдің репостында ондай мақсат жоқ. Сондай-ақ ол суретті бөліспес бұрын бұның шындық екенін білген. Арынданушы Сергейдің әрекетінің жалғандығын растап әрі дәлелдеуі керек еді. Бірақ ол оны істей алған жоқ. Және айта кететіні Сергейдің репостында арызданушының аты-жөні болмаса қандай да бір деректері белгіленбеген”, – деді белсендінің адвокаты.

“ВЕЖЛИВЫЕ ЛЮДИ”

«Вежливые люди» (сондай-ақ «жасыл адамдар» немесе «ихтамнеты» деп те аталады) – бұл Ресей Федерациясының қарулы күштерінің әскери формасынан, айырмашылық белгілері жоқ, Украинадағы Қырым аннексиясы кезінде стратегиялық нысандарды басып алған және блокадаға алған әскери қызметшілерді сипаттау үшін қолданылатын эвфемизм және интернет-мем. Бұл эвфемизм 2014 жылдың ақпан-наурыз айларында ресейлік БАҚ-та кеңінен таралды. Ресей әу баста Кырымды басып алу процесінде өз әскерлерінің қатысуын жоққа шығарды, ал эвфемизм Ресей әскерінің Кырымға кіруін жасыру үшін ресейлік БАҚ-та қолданылды, бірақ 2014 жылдың 17 сәуірінде Владимир Путин «вежливые люди» – Ресей әскери қызметкерлері екенін мойындады.