×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

"Ерте ме, кеш пе, Жақанбаевты түрмеде өлтіреді, ол маңызды куәгер". Айдос Садықовтың жесірі сұхбат берді

02.10.2024, 13:19
"Ерте ме, кеш пе, Жақанбаевты түрмеде өлтіреді, ол маңызды куәгер". Айдос Садықовтың жесірі сұхбат берді
Фото: Азаттық радиосы

Киевте өлтірілген қазақстандық оппозиционер, журналист Айдос Садықовтың жесірі Наталья Садықова күйеуінің қазасына күдіктілерді Қазақстан билігі Украинаға береді дегенде басынан сенбегенін мәлім етті. Бұл туралы Азаттық радиосына берген сұхбат барысында айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

САДЫҚОВАНЫҢ СӨЗІ

Наталья Садықова ұсталған күдіктілердің бірі Алтай Жақанбаев маңызды куәгер болғандықтан, оны түрмеде көзін жояды деп санайды.

– Жақанбаевтың орнында болсам, Украинаға экстрадициялануға тырысар едім. Өйткені ол тірі қалудың жалғыз амалы. Ерте ме, кеш пе Жақанбаевты түрмеде өлтіреді. Ол маңызды куәгер. Ол өзіне бұйрық берген, Украинаға жіберген, қаржы берген кім екенін айтуы мүмкін. Қаратаевтың да қайда екенін айтып қоюы мүмкін. Сондықтан оны Укрианаға бермейді. Украина тергеушілеріне де жолатпайды, – дейді ол.

Оның пікірінше, Жақанбаев бас прокуратураға берілерден бұрын туыстары мен достарына хат жазып, бәрі қалай болғанын баяндандап берген деген инсайдерлік ақпарат бар. Қазір сол хатты қатты іздеп жатыр.

– Сол хатты қалай табады, солай Жақанбаев түрмеде жүрек талмасы ұстап қаза табады немесе түрме ботқасына уланып қалады. Түрлі нәрсеге ұшырауы мүмкін. Осылайша, ҰҚК киллерлердің бірінен құтылады, – деп санайды ол.

Садықова екінші киллер Мейрам Қаратаев өмірде жоқ деп санайды. Бірақ бұл ақпаратқа толық сенбейтінін жеткізді. Ол Қазақстан жәбірленуші тарап ретінде ешқандай шара қолданып жатпағанын атап өтті.

ҚАСТАНДЫҚ

2024 жылғы маусымда Айдос Садықовқа қастандық жасалған. Ол Киевтегі үйінің ауласында ауыр жараланып, араға бірнеше күн салып есін жимастан қаза тапты.

Қазақстанның екі азаматы – Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев қастандыққа күдікте ретінде танылды. Қазақстан құзырлы органдары Алтай Жақанбаевты ұстады, алайда қылмыс болған Украинаға экстрадицияламай отыр. Екінші күдікті Мейрам Қаратаевтың қайда екені белгісіз. Наталья Садықова күйеуінің қазасына қазақстандық арнайы қызметтерді қатысы бар деп санайды.