×
480.11
532.25
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.11
532.25
5.14

Қазақстанда АЭС-ті Ресей салмайды – депутат Мақсат Толықбай

Қазақстанда АЭС-ті Ресей салмайды – депутат Мақсат Толықбай
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЭС-ТІ КІМ САЛАДЫ

Оның айтуынша, МАГАТЭ ұйымының талабы бойынша қазір кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды.

Журналистердің қоятын сұрағының 90%-ы АЭС-ке байланысты. Расында қоғамда резонанс тудырып жатқан мәселенің бірі осы. АЭС салса, кім салады? Ресей салса, Мәскеуге кіндігіміз байланып қалмай ма деген алаңдаушылық басым. Өзіміз өңірлерді аралап қайттық қой. Салған күннің өзінде де Ресей сала алмайды. Ондай мүмкіндік берілмейді. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды. Онсыз да санкцияның астында. Оның үстіне МАГАТЭ ұйымының талабы бойынша қазір кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды. Технологиясы озық Франция, Оңтүстік Корея салса, оларға бағынышты болып қалмаймыз ба деп уайымдап жатқандар да бар. Салған күннің өзінде бірнеше мемлекет қосылып салады, – дейді ол.

ҚАТАР, БАӘ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫП ЖАТЫР

Депутат еліміз ток көздерін алып отырған ЖЭС-тердің 60%-ға жуығының тозығы жеткенін айтты. 

Жалпы бұл АЭС бүгін-ертең салынайын деп жатқан жоқ қой. Оның құрылысына кем дегенде 10-15 жыл уақыт кетеді. Қазақстан жағдайында ол 20 жылдан кейін салына ма... Қазір біз ток көздерін алып отырған ТЭЦ-тердің (ЖЭС – ред.) 60%-ға жуығының тозығы жеткен. Бұларды қатар жаңартуымыз керек. Жел бар, ГЭС, күн сәулесін барынша пайдалану үшін Қатар, БАӘ бізге инвестиция құйып жатыр. Болашақта энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін осыларды қатар дамыту қажет деп есептеймін, – дейді Мақсат Толықбай.