Ұлттық банктің дерегінше, 2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар 811,6 млрд теңгеге тең сомаға шетелдік валюталарды сатып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«2021 жылдың 3 тоқсанында халық 811,6 млрд теңгеге тең сомаға шетелдік валюталарды сатып алды. Бұл көрсеткіш алдыңғы екінші тоқсаннан қарағанда 43,5%, ал 2020 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда 19,3% көп», - деп хабарлайды Ұлттық банктен.
Қаржы регуляторы халықтың долларды сатып алуына іскерлік және тұтынушылық белсенділіктің артуы себеп болғанын айтады.
«2021 жылдың шілдесі мен қыркүйегі аралығында халық көбінесе АҚШ долларын (63,1%) сатып алған. Нетто-сауданың жиынтық құрылымында ресейлік рубльдің үлесі 24,1%, еуронікі 12,3% құрайды», - делінген Ұлттық банктің есебінде.