Ішкі істер министрлігі веб-сериал түсіріліміне 16,9 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Құжаттарда сериал не туралы болатыны айтылмаған. Оның орысша субритрлері бар қазақша фильм болатыны ғана белгілі. Ол 30 мың аудиториясы бар YouTube-каналда жарияланбақ. Ұзақтығы кемінде 20 минуттық алғашқы алты серия 1 қазанға дейін, ал қалған алты серия 30 қарашаға дейін жарық көруі тиіс», - деп ақпарат таратты Protenge телеграм-каналы.
Бірақ қазір олар желіден табылмады. Ішкі істер министрлігі шамамен 17 млн теңгеге не түсірді екен?…