ForteBank RBK және Еуразиялық банкті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке банктің ресми өкілдері мәлім етті.
НЕ ЖАҒДАЙ
Ресейлік телеграмм арналардың бірінде ForteBank Қазақстандағы екі банкті, RBK және Еуразиялық банкті сатып алу мүмкін деген ақпарат тарады. Сол арқылы “ел экономикасында 3 мегабанк пайда болады” делінген еді ақпаратта.
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ
Алайда «ForteBank» АҚ бұны жоққа шығарды.
“Кейбір Telegram арналарда тараған «ForteBank» АҚ-ның "RBK" АҚ және "Еуразиялық банк" АҚ сатып алу жоспарлары, сондай-ақ аталған банктер бойынша due diligence рәсімінің басталуы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейміз”,- деді компания өкілдері Ulysmedia.kz-ке берген жауабында.