×
483.23
534.74
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
483.23
534.74
5.12

Қос азаматтық. ШҚО-да 48 адам заң бұзған

Бүгін, 08:10
Қос азаматтық. ШҚО-да 48 адам заң бұзған
Коллаж

ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Жыл басынан бері ШҚО тәртіп сақшылары қос азаматтықты ресімдеген облыстың 48 тұрғынын анықтап, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылған.

ШҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар облыс аумағында тұратын адамдарды анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізетінін жеткізді.

ҚАНДАЙ ШАРА

Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.

– Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

ЕСКЕРТУ

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтіндігін және заңнама талаптарын сақтауды ескертеді.