×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құс тұмауы. Вьетнамда 47 жолбарыс қырылып қалған

03.10.2024, 11:35
Құс тұмауы. Вьетнамда 47 жолбарыс қырылып қалған
Көрнекі сурет

Вьетнамда H5N1 құс тұмауынан 47 жолбарыс, үш арыстан мен бір пандера қырылып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

The Guardian басылымының мәліметінше, оқиға Лонг Ан провинциясындағы My Quynh  сафари паркі мен Донг Най провинциясындағы Vuon Xoai хайуанаттар бағында тамыз бен қыркүйек айналында тіркелген.

Жануарлар саулығы ұлттық диагностикалық орталығы хайуанаттардың өліміне H5N1 типті құс тұмауы себеп болғанын растаған. Хайуандарға жақын қызметкерлер арасында респираторлық симптомдар байқалмаған.

2023 жылы Вьетнамда 385 жолбарыс болған. Олардың 310-ы жеке хайуанаттар паркі мен фермаларда ұсталған. Қалғаны мемлекеттік мекемелерде орналасқан.

ҚҰС ТҰМАУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ

ДДСҰ 2022 жылдан бері сүтқоректілер арасында өлімге соқтыратын ошақтар саны арта түскенін айтып отыр. H5N1 инфекциясы адамды жеңіл формада өкпесін зақымдап, ауыр формада өлімге дейін жеткізуі мүмкін. Вьетнамда аталған аурудан көктемде бір адамның қазасы тіркелген.

ЕМІ ТАБЫЛМАҒАН ВИРУС

Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  Марбург вирусының Руандада алғаш рет тіркелуіне байланысты жаңа эпидемияның әлем бойынша таралу қаупі жоғары екенін мәлімдеді. Әзірге вирустың емі табылмаған. Сондықтан ол үлкен қауіп тудырады.

ВИРУСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Ол жұқтырғандармен тікелей байланыста, зақымдалған тері немесе шырышты қабаттар арқылы, сондай-ақ қан арқылы беріледі. Аурудың белгілері — дене қызуының кенеттен көтерілуі, қатты әлсіздік және ішкі ағзалардан қан кету.

ДДСҰ елдерді мүмкін болатын эпидемияның алдын алу шараларын күшейтіп, эпидемияға дайындық жоспарларын әзірлеуге шақыруда. Мамандықтар эпидемиологиялық мониторингті үздіксіз жүргізіп, қауіпті аймақтардағы мемлекеттерге қолдау көрсетіп жатыр.