Оқыс оқиға салдарында аяғы сынған ер адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
30 қараша күні сағат 17-44-те Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдай департаментіне қарасты өрт сөндіру бөлімшелері Ер Көкше көшесі, 37 мекен-жайында түтін шыққандығы туралы келіп түскен хабарламаға байланысты оқиға орнына аттанған.
Құрамында 21 адамы мен 5 бірлік техникасы бар өрт сөндірушілер келген бойда екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған автожуу нысанының қазандығында жарылыс (тарсыл) болғанын көрген. Қуантарлығы сол, ол өртке ұласпаған.
«Оқиға орнынан аяғы сынған, 2000 жылы туған ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізіліп, жатқызылды. Қаза болғандар мен басқа зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді порталымызға қалалық ТЖ департаментінен.