×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

«Танысы болса жоғарыда отыратын еді» – ағылшыны судай күзетші желіні таңғалдырды (ВИДЕО)

04.10.2024, 14:21
«Танысы болса жоғарыда отыратын еді» – ағылшыны судай күзетші желіні таңғалдырды (ВИДЕО)
Ulysmedia коллажы

Әлеуметтік желіге тараған видеода күзет қызметінде істейтін жігіттің ағылшын тілінде мүдірмей сөйлеп тұрғаны көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіге тараған видеода ағылшын тіліне судай жігіт бір нысанды келушілерге көрсетеді. Шет тілде мүдірмей сөйлеген оның бұл дарынын желі қолданушылары жоғары бағалап жатыр.

– Керемет көрініс!

– Бұл кісіні шұғыл жақсы жұмысқа алыңдар!

– Білім бар, таныс жоқ деген осы. 

– Танысы жоқ, әйтпесе жоғарыда отыратын еді, – деп жазады желі қолданушылары.

Күзетшінің шетелден келген меймандарға қызмет көрсетіп жатқанын байқауға болады. Видео астындағы пікірлерге қарағанда оқиға Түркістан қаласындады “Керуен сарай” кешенінде болған.