×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шетелдіктер Қазақстандағы білім сапасына сенбейді

04.10.2024, 14:47
Шетелдіктер Қазақстандағы білім сапасына сенбейді
Ulysmedia коллажыс

Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов шет мемлекеттер Орталық Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстанда медициналық білім беру сапасына қатысты қаупін жасырмайтынын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Алшанов цифрлық трансформация жағдайында білім сапасы жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі. Іс-шараны аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR/арта) ұйымдастырған.

Спикер жақында Хайдарабад қаласына барғанын, онда денсаулық сақтау саласындағы әртүрлі мамандармен және шенеуніктермен кездескенін айтты. Оның сөзінше, Үндістан билігі Орталық Азиядағы медициналық жоғары оқу орындарын бітірген студенттердің білім сапасына күмән келтіре бастаған.

Алшанов біздің өңірден келген үнді түлектері отанында қайта тексерілетінін айтады.

– Қазақстанда білім 6-7 мың доллар тұрады, бірақ олар сапаны қалайды. Біздің бірқатар елде медициналық мамандықтар бойынша оқитындар саны күрт өсті. Олар (Үндістандағы дәрігерлер) Орталық Азия түлектерін аккредиттеуге мәжбүр екенін айтады. Олардың түлектері бізден диплом алады, өз еліне қайтқанда сол жерде қайта тексеріледі. Инъекция жасай ала ма, диагноз қоя ала ма – қарайды, – деді ол.

САПА ЕМЕС, САН МАҢЫЗДЫ

Делидегі үнді шенеуніктері, Қауымдастық президенті хабарлағандай, Орталық Азия аймағында олардың оқу сапасына емес, студенттер санына баса назар аударылады деп санайды.

– Делидегі департамент директоры менен неге бұлай болып жатқанын сұрады. Олар "біз сіздерге сендік, өте көп түлектер келді, ал қазір барлығы сапаға емес, санға тәуелді, – деп қосты спикер.

Алшанов тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігін осы мәселеге назар аударуға және Үндістандағы жауапты адамдармен келіссөздер жүргізуге шақырды.