×
482.86
533.17
5.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.86
533.17
5.08

Алматыда шетел азаматының бөлшектелген мәйіті табылды

Бүгін, 15:17
Алматыда шетел азаматының бөлшектелген мәйіті табылды

Алматыда пәтерлердің бірінде шетелдік азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

Желідегі ақпарат бойынша, Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген денесі табылған. Ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.

– Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында бала өліміне байланысты қылмыстық іс тексеріліп жатқанын жазғанбыз.

Күдіктілердің бірі – баланың анасы болуы мүмкін.