×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген Деметриус Андрадемен кездеседі

01.12.2021, 12:55
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы әлеуметтік желіде қазақстандық боксшының менеджері Берік Сұлтан жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ал, ағайын жақсы жаңалық! WBO чемпионы Андрадеге ресми түрде міндетті қарсылас атандық! Бұйыртса алда чемпиондық жекпе-жек! Құдай қаласа әлем чемпионы болатын күн де алыс емес! QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз!» - деп жазды Берік Сұлтан.

Еске сала кетсек 27 жастағы қазақстандық боксшы WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы чемпион, француз боксшысы Хасан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) кездесіп, белдеуін қорғап қалған болатын. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global чемпионы титулын сақтап қалды. Хасан Ндам Нжикам кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңілді.

Серіктес жаңалықтары