Блогер, рилсмейкер, сценарист ретінде белгілі Әлішер Теменов курсының кезекті легінің жарнамасында Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізгені үшін ақынның жерлестерінен кешірім сұрау үшін Қарасаз ауылына жолға шыққан,деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде тараған видеодан Әлішер бірнеше жігіттің ортасында әрекетін түсіндіріп, сын естіп жатқанын, артынша блогердің ақын ауылына жерлестерінен кешірім сұрау үшін баратынын айтқанын көруге болады.
Әлеуметтік желіде оның оқиғасы тез тарап, жұртшылық оны контент үшін осындайға барғанын қатты сынап жатыр.
БЛОГЕР НЕ ДЕП ЕДІ
– Мұқағали Мақатаев жалпы “жаловаться” ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай” дейді. “Ей, сен бл… (былапыт сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой. “Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай” дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой, не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен “үйді қашан береді” деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің, – деді ол.
Блогер алдағы күндері “осындай рилстарды” түсіргісі келетін сарапшыларды өзінің сабағына (онысы ақылы) шақырады.
– Провакацияның, пропоганданың көкесін жасап берем, – дейді ол.
КЕШІРІМ СҰРАУ
Видеоға сын көбейген соң ол видеосын өшіріп, көпшіліктен көшірім сұрады.
– Халықтың қошеметіне ие болып, масайып кеттім. Бір сәтте қайтадан есімді жиғандай болдым, – дейді ол.
“Жаздым, жаңылдым, тентек болсам да мен де бір қазақтың ұлымын” дейді сөзінде блогер.