×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Зеленский жеңіс жоспарын қашан жария ететіні белгілі болды

Бүгін, 19:48
Зеленский жеңіс жоспарын қашан жария ететіні белгілі болды
Ашық дереккөзден

Владимир Зеленский келесі аптада Германиядағы америкалық Рамштайн әуе базасында Украинаға әскери қолдау көрсету мәселесін талқылайтын халықаралық кездесуге қатысуға дайын екенін және сол басқосуда одақтастарына жеңіс жоспарын ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«12 қазанда Рамштайнға дайындалып жатырмыз. Бұл 25-ші кездесу, бірақ көшбасшылар деңгейіндегі бірінші кездесу болмақ. Жеңіс жоспарын, соғысты әділ аяқтау үшін нақты қадамдарды көрсетейік. Әріптестердің табандылығы мен Украинаның нығаюы – Ресей басқыншылығын тоқтата алады», деп жазды Зеленский Телеграмда.

Еске сала кетсек, Украинаның 50-ден астам одақтасы, соның ішінде АҚШ президенті Джо Байден де Франкфурт маңындағы Рамштайнға жиналады деп күтіліп отыр.

ҮЙЛЕСТІРУШІ КОАЛИЦИЯ

Рамштайн Украинаға снарядтар, ӘҚҚ, F-16 және басқа да қару түрлерімен көмек көрсетуді үйлестіретін коалиция. Бұл Украина үшін қарудың негізгі түрлері бойынша жұмыс істейтін мүмкіндіктер коалициясы. Рамштайнның бірінші кездесуі 2022 жылдың 26 ​​сәуірінде өтті. 12 қазанда 25-ші кездесу өтеді. Әріптестердің табандылығы өзін көрсетуі керек. Майдандағы позицияларды нығайту үшін жеткілікті күш қажет. Ресейге дәл осындай қысым көрсету бейбітшілік күшіне айналады», деп түйіндеді Украина президенті.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ ЖЕҢІС ЖОСПАРЫ
Еске сала кетсек, шамамен бір ай бұрын президент Владимир Зеленский соғыста жеңіске жету жоспарын жариялайтынын айтқан еді. Қазіргі таңды жоспардың толық дайын екені белгілі болып отыр.