×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Теміртауда балабақша тәрбиешісі жұмысқа мас күйінде келген

05.10.2024, 22:57
Теміртауда балабақша тәрбиешісі жұмысқа мас күйінде келген
Видео кадры

Теміртаудағы «Айгөлек» балабақшасынның тәрбиешісі жұмысқа ішіп келіп, балаларға қатыгездік танытқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ақпаратты  “Патриот” Телеграм-арнасы таратты. Оқиға 30 қыркүйек күні болған, алайда ата-аналар бұл жайлы енді ғана жариялап отыр.

ҚАЛАЙ БОЛҒАН?

Дүйсенбі, 30 қыркүйек күні полицияға балабақшада тәрбиешінің балаларға дөрекілік танытқаны және оның мас болғаны туралы анонимді қоңырау түскен. Шақыртумен келген полицейлер тәрбиешіні медициналық тексеруге алып кеткен.

Тексеруден кейін балабақша қызметкерінен анықталған мастықтың нақты дәрежесі жарияланбады.

“Бұл жайтты білген балалардың ата-анасы ертеңіне балабақшаға келіп, мас тәрбиешінің оқушыларға қалай қарағанын көру үшін балабақшада орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққан.

Ата-аналар тербиешінің теңселіп тұрғанын көреді. Ол балаларды қолдарынан ұстап, оларға пижамаларын лақтырған. Бейнежазбада полиция ғимаратқа кіріп, оны алып шыққанын да көруге болады. Бірақ ата-аналарға бұл нақты фрагментті бейнеден көшіруге рұқсат етілмеді”, деп жазады “Патриот”.

РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ

Теміртау қалалық білім бөлімі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, тергеу басталғанын хабарлады.

«Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында болған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Тәрбиеші жұмысынан шеттетілген. Қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты жұмыстан босату жөніндегі объективті шаралар қолданылады», деп түсіндірді білім бөліміндегілер.