АҚШ-тың экс-президенті әрі Республикалық партияның кандидаты Дональд Трамп Израильдің Иранның ядролық нысандарына соққы беруін қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Солтүстік Каролинадағы сайлауалды науқанында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басқыншылыққа ұшыраған жағдайда алдымен ол елдің ядролық мүмкіндіктеріне соққы беру керек, содан кейін «басқа мәселелермен айналысу» керектігін айтты.
Дональд Трамп АҚШ президенті Байденнің бұған дейін мұндай сценарийді қолдамағанын және Израильмен әрекеттерді талқылауға дайын екенін, сонымен бірге Иранның әрекеттеріне жауап пропорционалды болуы керек екенін атап өтті.
Бұл мәлімдеме Иранның жақында Израильге бағытталған зымырандық шабуылынан кейін Израильдің Ливандағы Хезболлаға қарсы әскери операциясына жауап ретінде жасалып отыр.
Трамп басты қауіп ретінде ең алдымен Иранның ядролық бағдарламасымен күресу керектігін атады. Ол 2018 жылы өзі президент болған кезінде АҚШ Иранның ядролық келісімінен шыққанын еске салды.
Ол сондай-ақ таяудағы қақтығыс кезінде Иранның ядролық жобасын тез арада жоюға шақырған Израильдің бұрынғы премьер-министрі Нафтали Беннетттің ұстанымын қолдады.