Бүгін Марқакөл ауданының 102 жастағы тумасы Хадиша Туржанова референдумға қатысып, өз тандауын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Хадиша апамыз 1922 жылы 20 наурызда қазіргі Күршім ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген.
Өмір жолын адал еңбекке арнады. Тоғыз баланың анасы атана отырып, бүгінгі күні апаның 27 немересі, 43 шөбересі және 7 шөпшегі бар.
Айта кетейік, бүгін АЭС референдумы бойынша Қазақстанда дауыс беру басталды. Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атаған болатын.
Еске салсақ, егер сайлаушылардың 50% астамы қатысса, референдум өткізілді деп есептеледі.
Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша дауыс беруді қадағалауға 30 мемлекеттен 177 шетелдік бақылаушы және 37 елден 200 журналист келеді.