"Еркіндік қанаты" ҚҚ бақылаушысы ЕҰУ №14 Студенттер үйіндегі 2-сайлау учаскесінен шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«СОТҚА ШАҒЫМДАНАМЫЗ»
Бақылаушының айтуынша, учаске өкіліне болып жатқан болжамды бұзушылықтарды суретке, бейнеге түсіргені ұнамаған.
Әрі қарай учаскелік комиссия бақылаушыны учаскеден шығару туралы акт жасаған.
“Біздің бақылаушы жою актісінің көшірмесін талап еткенде, ол беруден бас тартқан. Заңгерлер келгеннен кейін ғана учаске төрағасы жою туралы актінің көшірмесін берді. Біз бақылаушыны учаскенің тізімінен негізсіз алып тастадық деп санаймыз және сотқа шағымданамыз,”дейді қоғамдық қор өкілдері.
РЕФЕРЕНДУМ
Бүгін Қазақстанд АЭС құрылысы бойынша рефрендум комиссиясының 70 мыңнан астам мүшесі жұмыс істейтін 10 мыңнан астам учаске жұмысын бастады.
Шетелдегі қазақстандықтар үшін 59 елде дауыс беру үшін 74 учаске қарастырылған. Бюллетеньде бір ғана сұрақ болады: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Оған "иә, келісемін" немесе "жоқ, келіспеймін" деп жауап беруге болады.
Кешкі сағат сегізде дауыс берудің ең жауапты бөлігі – дауыстарды санау басталады. Нәтижелер жеті күн ішінде жарияланады.
Бұған дейін Қазақстанда АЭС референдумы қарсаңында 20-дан астам белсенді ұсталған болатын.