Қазақстанда экстремистік деп танылған Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының жетекшісі, қашқындағы банкир Мұхтар Әблязов Алматыдағы митинг орын ретінде белгілеген жерлерде полицейлер көбейген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Митинг орны деп көрсетілген Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында бірнеше автозак тұр. Аумақта форма киген оншақты адам жүр.
Келесі орын Жібек жолы көшесі мен Панфилов көшелерінің бойында да әр жерде полицейлер жүр.
Астана алаңындағы жағдай да осыған ұқсас. Әр жерде полицейлер мен азаматтық формадағы адамдарды көруге болады.