×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

ШҚО Зайсан ауданында 101 жастағы соғыс ардагері өз таңдауын жасады

ШҚО Зайсан ауданында 101 жастағы соғыс ардагері өз таңдауын жасады
Фото: дереккөз

Айнабұлақ ауылындағы 606 сайлау учаскесінде ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Зәкен Құрманғожанов ата өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зәкен Құрманғожанов атамыз 1923 жылы Зайсан ауданы Сарыжыра ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері, өзінің саналы ғұмырында көптеген қиындық көріп, мол тәжірибе жинақтаған ақсақал, бүгінгі таңда жастарға үлгі болып отыр.

Биыл Зәкен ата 101 жасқа толды, бұл оның өмірі мен Отанға деген қызметінің жарқын дәлелі.

Зәкен атаның даусы – бүгінгі күннің маңызды оқиғаларына қатысуының символы, еліміздегі патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

Айта кетейік, бүгін АЭС референдумы бойынша Қазақстанда дауыс беру басталды. Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атаған болатын.