Бүгін (1951) актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Жолжақсыновтың туған күні. Өнер майталманы 73 жасқа толды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Досқан Қалиұлы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген.
1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған.
Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сондай-ақ халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал.
Д. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және т.б. фильмдерге түскен.