Атырау облысында 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп, содан кейін өзіне қол салған. Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КЕЙІН ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛҒАН
Алдын ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Қазір оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Полиция департаментінде адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалған.