×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ақтөбелік кәсіпкер жұмысшыларын Антальяға апарды

07.10.2024, 15:28
Ақтөбелік кәсіпкер жұмысшыларын Антальяға апарды
Фото: Самат Наргеев/facebook

Ақтөбелік бақшашы жұмысшыларын Түркия еліне саяхатқа апарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Самат Наргеев есімді facebook қолданушысына сілтеме жасап.

АУЫЛ БАЛАЛАРЫ ЕЛ КӨРІП ЖҮР

Облыс тұрғындарына қауынөқарбызымен танымал Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округінің тұрғыны Спартак Төремұратов қызметкерлерін ынталандырудың ерекше тәсілін тапқан. Ауданның брендіне айналған оның өнімдеріне сұраныс өте жоғары көрінеді.

“Ол бұл кәсіппен он жылдан астам уақыт айналысып келеді. Жазғы маусымда ауылдың оқушылары, студенттері Спартактың бақшасында жұмыс істеп, табыс табады. Бақша иесі күзде бірнеше жұмысшыларды еліміздің ірі қалаларына қыдыртады. Биыл да 7-ші рет сапарлары жалғасбақ. Оған алдын ала билет алынып қойған. Ал әзірге шаруашылықтың жұмысшысы мен тракторшысын өз қаржысына Қара теңізге апарып қыдыртып жүр. Спартактың арқасында ауыл балалары ел көріп шетелге шығып отыр” дейді желі қодданушысы.

СПАРТАКТЫҢ МАҚСАТЫ

Самат Наргеев бау-бақшамен айналысатын кәсіпкер мұны асып тасығанынан жасамайтынын айтады.

“Ол табыстың көптігінен емес. Спартактың мақсаты – ауыл балаларының көкжиегін кеңейту. Екі жылдан бергі су тасқыны шаруашылықты біраз шығынға ұшыратқан. Биылғы өнімі де ойдағыдай болмапты. Оған себеп – су тасқыны жердің құнарын алып кетеді екен. Қарбыздары толық өспей қалып 7-8 миллион теңге шығынға батқан. Соған қарамастан көктемде айтқан уәдесін жұтпайын деп жұмысшыларды Анталияға апарды. Қазіргі таңда жастар жаз бойғы еңбегінің жемісін көруде. Бір адамға шамамен 450-500 мың теңге шығады екен. Мұның бәрі Спартактың қалтасынан. Жастарды жыл сайын қыдыртатын Спартактың экскурссиясына мемлекет неге қолдау жасап жеңілдіктер қарастырмайды? Облыс бойынша бұлай серуендететін жалғыз Спаптак қана” дейді Самат Наргеев.

Желі қолданушылары кәсіпкердің ісіне риза болып “керемет”, “өнегелі іс екен”, “басқаларға жақсы үлгі екен” деп жатыр.